МАЭК-те ҚАЙТА СЕРТИФИКАТТАУ АУДИТІ ӨТТІ



ОНЛАЙН ТӨЛЕМ

Коммуналдық қызметтер төлемі                          

КОМИССИЯСЫЗ


Онлайн өтінім

Жеке есептеу

аспаптарына

пломба салу және

алуға өтінім

Өтінім беру

Мобильді қосымша

МАЭК-те ҚАЙТА СЕРТИФИКАТТАУ АУДИТІ ӨТТІ

МАЭК-те ҚАЙТА СЕРТИФИКАТТАУ АУДИТІ ӨТТІ

2016ж. Қазақстан Республикасында ҚР СТ ISO 9001-2016 «Сапа менджменті жүйесі. Талаптары» және ҚР СТ ISO «Экологиялық менеджмент жүйесі. Қолдану бойынша талаптары мен нұсқауының» жаңа нұсқасы қабылданған болатын.

«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-де жоғарыда аталған стандарттарға көшу мәселелері бойынша 31 шілде мен 3 тамыз аралығында «Экспертиза мен сертификаттау ұлттық орталығы» АҚ-ның Батыс Қазақстан филиалы өкілдерімен – М. Абдиева, М. Анисимова, А. Елемесовамен сапа менеджменті, экологиялық менеджменті мен кәсіби қауіпсіздік пен денсаулық менеджменті жүйелерін сырттай қайта сертификаттау аудиті өткізілді. Сыртқы аудиттің жоғарыда аталған нұсқаларымен бірге ҚР СТ OHSAS 18001-2008 «Кәсіби қауіпсіздік пен денсаулық менеджменті. Талаптары» да сыртқы аудиттің критерияларын бірі болды, сонымен қатар мекеменің ішкі нормативтік құжаттары да қамтылды.

Аудиторлар тексерілуші бөлімшелер мен ТЭЦ-2, ЗӨБжАТСҚТЗ, ПСОЖТОиТБ, ИАБжА ТОҚҚ және бір қатар комбинат басқарушы бөлімшелері басшылығымен, персоналымен сөйлесу арқылы ISO OHSAS стандарттарының талаптарына өнеркәсіптің сәйкестігіне баға берілді.

Өткізілген аудит нәтижесінде, «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-і ТРМД сапа бойынша бас маманы Михаил Шестерниннің айтуынша, персоналды басқару бойынша бір ғана сәйкес келмеушілік пен үш хабарламадан басқа, онда да бұл болашақта шаралар қабылданбаса, мүмкін болатын сәйкессіздік ретінде ескертпе екенін ескерсек, айтарлықтай олқылықтар анықталған жоқ.

Қортынды кеңесте аудиторлар персоналымыздың бірігіп жұмыс істесуге, конструктивті диалог жүргізуге құштарлығын оң көз қараспен атап кетіп, өнеркәсіптің менджмент жүйесі ISO және OHSAS стандарттары талаптарына сәйкес келуін жалғастырып жатқандығы туралы қорытындыға келгендігін айтып кетті.

Аудиторлар қорытынды кеңес болған күннен бастап бір айдың ішінде «Түзету және алдын алу шаралары жоспарын» құру, оны аудиторлармен келістіру, жоспарды орындау және анықталған сәйкессіздікті түзету шаралары бойынша аудиторлық топ басшысына есеп беру қажеттілігіне баса назар аударды.

Аудит нәтиерлері бойынша және түзету шараларынан кейін аудиторлық топ «ЭжС ҰлтО» АҚ-на «МАЭК Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-не ҚР СТ ISO 9001-2016, ҚР СТ ISO 14001-2016 және ҚР СТ OHSAS 8001-2008 менеджмент жүйелеріне сәйкестік сертификаттарын беру жөнінде ұсыныс береді.

К. Нұржаубайұлы, баспа сөз қызметі