ОНЛАЙН ТӨЛЕМ

Коммуналдық қызметтер төлемі                          

КОМИССИЯСЫЗ


Онлайн өтінім

Жеке есептеу

аспаптарына

пломба салу және

алуға өтінім

Өтінім беру

Мобильді қосымша

Сұрақ-жауап

1. Сұрақ: қателесіп коммуналдық қызметтер үшін төлемақыны бөтен мекен-жайға аударып жібердім. Бұл жағдайда не істеукерек, кімге хабарласу және қандай құжаттар қажет?
Жауап: 2 ш.а., 47 «В» ғимаратында орналасқан ЕКО ТҚКО келіп экономистке хабарласу керек. ЕКО бастығының атына төлем сомасын қажетті мекен-жайға аудару туралы өтініш жазу қажет және өтінішке төлемақы түбіртегін (түпнұсқа) тіркеу керек.

 

2. Сұрақ: Ғаламтор желісі арқылы «ККБ» АҚ банкинг қызметімен коммуналдық қызметтер үшін төлем жасадым, бірақ аспаптардың көрсеткіштерін енгізуді ұмытып кетіппін. Бұл жағдайда не істеу керек?
Жауап: ЕКО кассасында көрсеткіштер купонын алып, аспаптардың көрсеткіштерін толтырып, кассирге береңіз.

 

3. Сұрақ: ЕКО кассалары мен банктерден басқа қай жерлерде коммуналдық қызметтер төлемін жасауға болады?
Жауап: Коммуналдық қызметтер үшін төлемақыны төлем терминалдары мен ғаламтор желісі арқылы «Халық Банк» АҚ, «БанкЦентркредит» АҚ, «Альянсбанк» АҚ, «Казкоммерцбанк» АҚ, «Kaspiбанк» АҚ және «БТА банк» АҚбанкинг қызметімен төлеуге болады.

 

4. Сұрақ: менің пәтерім бойынша коммуналдық қызметтерге артық төлем жасалынған. Артық төленген соманы басқа мекен-жайға аударуыма болама және ол үшін не қажет?
Жауап: ия, болады. Ол үшін 2 ш.а., 47 «В» ғимаратында орналасқан ЕКО ТҚКО келіп экономистке хабарласу керек. ЕКО бастығының атына төлем сомасын қажетті мекен-жайға аудару туралы өтініш жазу қажет және өтінішке артық төлем сомасы алынатын пәтердің құжаттарын тіркеу керек, атап айтқанда:
Пәтер иесінің жеке куәлігінің көшірмесі;
Пәтерге меншік құқығын растайтын құжаттың көшірмесі (сату сатып-алу шарты, жекешелендіру шарты, сыйға беру және т.б.)

 

5. Сұрақ: коммуналдық қызметтер үшін төлемақыны 26 күні жасадым, бірақ ол шот-түбіртекте көрсетілмеген, неліктен?
Жауап: 25-нен кейін жасалған төлемақы келесі есептік мерзімге саналады, Сіздің жағдайда дәл солай болған. Анықтама үшін: коммуналдық қызметтер үшін жасалған төлемақы 25 қоса есептеледі.

 

6. Сұрақ: МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС абоненттен тұрақсыздық айыпақы өндіруді қандай құжат негізінде талап етеді?
Жауап: ҚР Азаматтық Кодексінің 353 бабында басқаның ақшасын заңсыз пайдаланғаны үшін жауапкершілік қарастырылған:

1. Ақша міндеттемесін орындамау салдарынан біреудің ақшасын заңсыз пайдаланғаны не оларды төлеу мерзімінг өткізіп жібергені, не оларды негізсіз алғаны немесе басқа адамның есебіне сақтағаны үшін тұрақсыздық айыпақы төленуге тиіс. Айыпақының мөлшері ақша міндеттемесін немесе оның тиісті бөлігін орындаған күнгі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасы негізінде есептеледі. Борышты сот тәртібімен өндіріп алу кезінде сот несие берушінің таңдауы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қуыным жасалған немесе шешім шығарылған немесе іс жүзінде төленген күнгі қайта қаржыландырудың ресми ставкасын негізге ала отырып, несие берушінің талабын қанағаттандыра алады. Егер заң құжаттарында немесе шартта айыпақының өзге мөлшері белгіленбесе, осы ережелер қолданылады.

Басқаның ақшасын пайдаланғаны үшін айыпақы, егер заңдарда немесе шартта айыпақы сомаларын есептеудің өзге тәртібі белгіленбесе, бұл ақшаның сомасы несие берушіге төленген күнге дейін өндіріліп алынады.


7. Сұрақ. Не себепті шот-түбіртекте есеп құралдарының көрсеткіштері бағанын екі рет толтырамыз?

Жауап. Егерде шот-түбіртектің жоғары бөлігі толтырылмаса (көрсеткіш бағаны бос тұрса), онда төлем Сіздің көрсеткіштеріңізді ескерусіз жасалады.Көпжағдайда абоненттер шоттың төменгі жағын толтырады, ал ЕКО-ға өңдеуге түсетін жоғары жағын толтыруды ұмытып кетеді немесе толтыру қажет емес деп ойлайды. Шот-түбіртектің төменгі жағы абоненттің өзінде қалады. Сондықтанда абоненттерден шот-түбіртектердің екі бөлігін толтыруда ұқыпты болуды өтінеміз.

 

8. Сұрақ. Мекен-жай бойынша коммуналдық қызметтерді төлеу шот-түбіртектері қай мерзімге дейін таратылады?
Жауап. Шот-түбіртектер әр айдың 10-на дейін жеткізу мекемесінің жұмысшыларымен таратылады.

 

9. Сұрақ. Шот-түбіртектерді алмаған немесе оларды жоғалтқан жағдайда қайда жолығады?
Жауап.   Айдың 10-нан кейін 14-59-42 «Изумрудный» ТК, телефон: 8 (7292) 42-78-58. "ADVER.KZ" ЖШС (шот-түбіртектерді жеткізу бойынша фирмаға) жолығу керек.


  10. Сұрақ. Шот-түбіртекте пәтер ауданы дұрыс көрсетілмеген. Қандай құжаттар көрсету қажет және қайда жүгіну керек?
1 жауап. ЕКО ТҚКО-на экономист терезесіне арызбен жүгінесіз (2-47 «В» мекен-жай). Арыз мәтінін еркін түрде жазуға немесе ТҚКО-да орналасқан ақпараттық қабырғада жазылған «Арыз үлгілерінен» көшіруге болады. Арыз мәтінін жазу тілі (мемлекеттік немесе орыс тілі) абонентпен таңдалады. Қайта жоспарлауларды есепке ала отырып (олар бар болса) пәтердің (ғимараттың) техникалық паспортының көшірмесі арызға тіркеледі.
2 жауап. «AllianceEnergoSnab» ЖШС учаскесіне жүгіну (тұрғылықты жері бойынша). Қайта жоспарлауларды есепке ала отырып (олар бар болса) пәтердің (ғимараттың) техникалық паспортының көшірмесін беріп және берілген құжаттар туралы реестрге қол қою қажет.
Ескерту: Сіздің пәтеріңіздегі есеп құралдары мен сызбасына ағымдық бақылау жүргізуші «AllianceEnergoSnab» ЖШС бақылаушысымен екі жақты акт жасалған жағдайда, пәтердің техникалық паспортын бақылаушыға көрсетіңіз және аудан туралы акттегі жазбаны тексеріңіз.

 

11. Сұрақ. Шот-түбіртекте мекен-жай бойынша тұрғындар саны қалай өзгертіледі?
Жауап. ЕКО ТҚКО-на экономистке (2-47 «В» мекен-жай) немесе «AllianceEnergoSnab» ЖШС учаскесіне (тұрғылықты жері бойынша) жүгініп және мекен-жай бойынша тұрғындар санын өзгерту себебін растайтын құжаттарберу керек:

  • мекен-жай бойынша тіркелген әрбір тұлғаға ТҚКО-нан мекен-жай анықтамасы (түпнұсқа);
  • мекен-жай бойынша бұрын тұрған тұлғаның қайтыс болуы туралы куәлігі көшірмесі, ТМЖ-ға шығу туралы құжат және т.б.

Учаскеге жүгіну кезінде берілген құжаттар туралы реестрге қол қою қажет.

 

12. Сұрақ. Коммуналдық қызметтер үшін қарыз жоқ, бірақ телефонмен бар қарызды төлеу қажеттігі туралы ескертеді, не істеу керек?
Жауап. Қарыз жоқ болған жағдайда және қоңырау болған жағдайда кейінге қалдырмай «AllianceEnergoSnab» ЖШС учаскесіне (тұрғылықты жері бойынша) телефон соғыңыз. Сіз аты-жөніңізді, мекен-жайыңызды және телефон нөміріңізді анық атаңыз. Учаскеде Сіздің өтінішіңізді қабылдап отырған тұлғаның аты-жөнін және қызметін атауды өтініңіз. Сіз жүгіну себебін түсіндіріңіз және мекен-жайыңызды, аты-жөніңізді және телефон нөміріңізді тағы да анық атап, автосоғудың қайталануын болдырмайтын шаралар қолдануын өтініңіз.

 

13. Сұрақ. Үй алдындағы жасыл желектерді суару үшін не қажет?
Жауап. Жасыл желекті суару үшін тұрғын үйдің магистральды желісіне суару тетігін қосу мәселесін Сіз өзіңіздің үйіңізге қызмет көрсетуші мекемеге (ПИК, ПИТК, ЖШС) хабарласуыңыз қажет, сондай-ақ суару тетігіне қосымша есептеу аспабын орнату қажет. Техникалық сұрақтар аяқталған соң Сіз орнатылған аспапқа пломба салу үшін ЕКО ТҚКОэкономист терезесіне арызбен жүгінуіңіз керек (2-47 «В» мекен-жайы). Жасыл желектерді суару қызметін ашуға және суды есептеу құралын пломбалауға арыз мәтіні еркін түрде жазылады. Арыз жазу тілін (мемлекеттік және орыс) абонент таңдайды.

 

14. Сұрақ. Пәтер сатып алуда (ауыстыруда) коммуналдық қызметтерге қарызы жоқ туралы «Сатушыдан» қандай құжаттар талап етіледі?
Жауап. Тұтынушы (аталған жағдайда Сатушы) пәтерден, жеке тұрғын үйден шығарда, қолданылған қызметтер үшін шыққан күнге дейін есеп айырысуға міндетті (31.12.2015ж. бекітілген №410 «Маңғыстау облысында коммуналдық кызмет көрсету ережесі» 34 т., 5 т.т.)


Сатушыдан коммуналдық қызметтер үшін қарызы жоқ туралы анықтама талап етіңіз (Түпкілікті есеп айырысу анықтамасы). ТЕА анықтамасы "МАЭК - Қазатомөнеркәсіп" ЖШС ЕКО-ң фирмалық бланкісіне рәсімделеді. ТЕА анықтама ЕКО бастығымен, ЕажЕб тобы жетекшісімен қол қойылып, "МАЭК - Қазатомөнеркәсіп" ЖШС ЕКО мөрімен бекітіледі.

 

15. Сұрақ.Ортақ пайдалану орындары есебінен (холл, галерея және т.б.) пәтердің ауданын үлкейтіп алдық. Бұл жағдайда энерго ресурстар есебі туралы не білу қажет?
Жауап.Пәтердің (ғимараттың) жобалық ауданына холл, галерея сияқты ортақ пайдалану орындары есебінен қосымша аудан, сондай-ақ балкон ауданын қосу арқылы ғимаратты (пәтерді) қайта жоспарлау пәтердің (ғимараттың) жалпы ауданының ұлғаюына әкеледі, сәйкесінше жылыту ауданыда, сондай-ақ жылу беру кезеңінде жылу қызметі құны да ұлғаяды. Қайта қосылған қосымша аудандардағы жылыту құралдарының болмауы бұл аудандарды «жылыту ауданы» категориясынан шығармайды. Жылыту қызметі үшін төлем есептеу пәтердің (ғимараттың) жылыту ауданының көлеміне (м2) тікелей байланысты.

 

16. Сұрақ. Пәтердің (ғимараттың) иесі ауысты, бірақ шот-түбіртекке бұрынғы иесінің аты-жөні енгізілген. Қайда жүгіну керек және қандай құжаттар беру керек?
Жауап. ЕКО ТҚО-на экономистке немесе «AllianceEnergoSnab» ЖШС учаскесіне (тұрғылықты жері бойынша) жүгіну керек және келесі құжаттарды беру керек:

  • Пәтер иесінің жеке куәлігі (көшірме);
  • ХҚКО-нан пәтер иесі туралы мәлімет (түпнұсқа және көшірме);
  • Сату-сатып алу, ауыстыру, сыйға тарту және т.б шарттар (көшірме);
  • Көппәтерлі тұрғын үйдегі пәтерге техникалық паспорт (көшірме);
  • Пәтердегі (ғимараттағы) барлық тіркелген тұлғаларға ХҚКО-нан және АТК-нан мекен-жай анықтамасы (түпнұсқа).

Учаскеге жүгіну кезінде берілген құжаттар туралы реестрге қол қою қажет.

 

17. Сұрақ. Ауыз және техникалық су арасында жалғастырғыш табылған жағдайда «AllianceEnergoSnab» ЖШС қызметкерлері ЖЕҚ не себепті пломбаламайды?
Жауап. 4.01.-41-2006 ҚР СНжЕ 4.2.1 т. талаптары. Ішкі су құбыры және ғимараттардың канализациясы.
«Шаруашылық-ауыз су құбыры жүйесін ішуге жарамайтын су беретін су құбыры жүйесімен біріктіруге жол берілмейді».

 

18. Сұрақ. Суды есептеу құралының есептік механизмі тоқтап қалды (қанатша айналмайды), бірақ су жүріп тұр, жөндеу жұмыстарынан кейін (тазалау) қанатша қайта айналды. Не себепті «AllianceEnergoSnab» ЖШС қызметкерлері суды есептеу құралдарын тазалаудан кейін емес, мемлекеттік тексеруден өткені туралы сертификатты ұсынғаннан кейін ғана пломбалайды?
Жауап. Жауап барысында 05.06.09ж. №832 «Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану Ережесі» деп аталатын ҚР заң құжатына сілтеме жасалады (ары қарай - ереже):

  • «Есеп құралы қолданыстан шыққан жағдайда Тұтынушы жөнделген есеп құралын орнатуды қамтамасыз етеді» (Ереже 52т.);
  • «Есеп құралының қолдануға жарамдылығын растау қажеттігі туған жағдайда есеп құралы кезектен тыс тексеруге жатады» (Ереже 55т. 2т.т);
  • Есеп құралдарын тексеру – есеп құралдарының белгіленген техникалық және метрологиялық талаптарға сәйкестігін нақтылау және анықтау мақсатында мемлекеттік метрологиялық қызмет немесе басқа да аккредитацияланған заңды тұлғалар орындайтын операциялар жиынтығы. Үй жағдайындағы «тазалау» есеп құралын ары қарай қолдану жарамдылығы туралы ҚР нормативті-заң құжаттарының жоғарыда көрсетілген талаптарына сай емес.

 

19. Сұрақ. Мен пәтер жалдап тұрамын және коммуналдық қызметтерді төлеймін. Есептелген түзетулер туралы мәлімет алғым келген, бірақ пәтер иесі болмағандықтан маған мәлімет берілмеді. Не себепті?
Жауап.Нақты мекен-жай бойынша өзіңіздің арызыңызға жазбаша жауап немесе мәлімет алу үшін, 21.05.13ж. №97-V «Дербес мәліметтер және оларды қорғау туралы» (10б) ҚР Заңында бұзушылық болдырмай, ТҚО-на жүгіну кезінде (ТЕА, экономист, іс жүргізуші терезесі)ұсыныңыз:

  • Егер Сіз пәтер иесі болсаңыз жеке куәлік;
  • Егер Сіз мекен-жайда тіркелген болсаңыз, мекен-жай анықтамасы және жеке куәлік;
  • Егер Сіз мекен-жайда тіркелмеген болсаңыз пәтер иесінің жеке куәлігі көшірмесі мен сенімхат және жеке куәлік.

 

20. Сұрақ. «AllianceEnergoSnab» ЖШС бақылаушылары бізге пәтерге немесе есеп құралдарының көрсеткіштерін алу үшін қанша жиі келуі керек?
Жауап. Көппәтерлі тұрғын үйлердегі және жеке құрылыстық үйлердегі ресурстардың коммерциялық есебі сызбасының және құралдардың техникалық жағдайын тексеру, тұтынушылардың есеп құралдарының көрсеткіштерін дұрыс алуын бақылау үш айда бір рет жүзеге асырылады. Сонымен қатар бақылаушы ЖЕҚ көрсеткіштерін алады; ЖЕҚ жұмыс жасау жағдайын, ЖЕҚ және есеп сызбасындағы пломбаның барын және бүтіндігін тексереді, пәтер иесінің аты-жөнін салыстырады, пәтердің төлем ауданын нақтылайды (қайта жоспарлау болған жағдайда).
  «AllianceEnergoSnab» ЖШС бақылаушысы Тұтынушы пәтеріне жоспардан тыс келеді:

  • Тұрғындар санын, телефон нөмірін және т.б. нақтылауға байланысты мақсатты бақылауды орындау үшін;
  • ЖЕҚ-нан көрсеткіштер алу үшін (тұтынушының көрсеткіштерді дұрыс алмау себебіне байланысты);
  • «AllianceEnergoSnab» ЖШС учаскесіне Тұтынушыдан түскен өтінім бойынша;
  • Тұтынушының жазбаша өтінімі бойынша (ЕКО-на берген), өтініш жазу себебін нақтылау үшін;
  • Басқа да себептер...