Онлайн өтінім
Жеке есептеу
аспаптарына
пломба салу және
алуға өтінім
Өтінім беру
Мобильді қосымша
Мобильді қосымша
Мобильді қосымша
МАҢҒЫСТАУДА ҚОНАҚТА |
«Туған елге саяхат» туристтік пойызнда Маңғыстауға «Самрук-Казына» компаниясы қызметкерлерінің балалары қонаққа келді. Көп балалар толық емес немесе көп балалы отбасынан шыққан. Жас саяхатшылардың ішінде әлеуметтік жобалар қоры - «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «Samruk-Kazyna Trust» АҚ өткізген ең үздік шығарма байқауының жеңімпаздары да бар. Аталған бағдарлама аясында Ақтауда бүлдіршіндер «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-і мұражайын көріп шықты. Біздің саяхатымыздың мақсаты – Маңғыстау өңірінің көз тартарлық орындарымен, табиғатымен, мәдени мұрасымен, сондай ақ еліміздің басқа өңірлерімен таныстыру болып табылады. Балақайлар Қазақстанымыздың бас қаласына барып, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде болып қайтты. Әрі қарай біздің пойыз Түркістан қаласына тарихи ескерткіштерге тарихи экскурсия жасауға аттанады және мұнда балаларымыз мың жылдан астам тарихи маңызы бар жәдігерлерді ұстап көруге мүмкіндік алады. Ал, Алматыда қала бойынша тарихи ескерткіштерге ауқымды экскурсия мен оңтүстік астанамыздың көптеген қызықты жерлеріне бару күтіп тұр, - дейді Инна Войцеховская. Жас саяхатшылардың Маңғыстауға екі күндік саяхаты да кем түспеді. Балаларға «Маңғыстау мұнайгаз» АҚ мұражайында өңіріміздің мұнай өнеркәсіптерінің даму тарихымен танысуға мүмкіндік берілді, Ақтау портына экскурсия ұйымдастырылды. Теңіз жағалауында «DOMA DOMA» қоғамдық қорының қызметкерлері спортшылармен бірлесе отырып, таза ауада street workout бойынша жаңадан үйренушілерге шеберлік сабағын берді. Саида Себепбаева, баспа сөз қызметі |