Ақтау қ. тұрғындарының назарына |
Ақтау қ. тұтынылған коммуналдық қызметтері үшін қарызы бар тұрғындарының назарына
Тұтынылған коммуналдық қызметтер үшін жинақталған қарыз сомасын бөліп төлеу үшін абонент ай сайын төлейтін қарыз сомасының көлемі көрсетілген арыз жазуы қажет. Ағымдық есеп сомасын абонент қарыз сомасына қосып төлейді. 100 000 теңгеден астам қарызы бар абоненттер арыз берген кезде арнайы бланк толтырып, оған пәтерге меншік құқығын растайтын құжаттардың, жеке куәлік, мекен-жай анықтамалары немесе АТК көшірмелерін тіркейді. Арыз бойынша оң жауап қабылданып, берілген міндеттемелер орындалған жағдайда, «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС ЕКО борышкер абоненттің пәтеріндегі электр энергиясын ажыратпайтын болады. Арыз Тұрғындарға қызмет көрсету орталығында, (2 ш.а., 47В) №2 терезеде қабылданады. Анықтама үшін телефондар: 56-26-23 (жеке тұлғалар) және 56-26-31 (заңды тұлғалар).
«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС ЕКО әкімшілігі
|