Онлайн өтінім
Жеке есептеу
аспаптарына
пломба салу және
алуға өтінім
Өтінім беру
Мобильді қосымша
Мобильді қосымша
Мобильді қосымша
Электр энергиясын есептеу құралы |
Электр энергиясын есептеудің жеке құралы (ЖЕҚ) өлшеуге арналған және нормаланған метрологиялық сипаттамалары бар техникалық құрал; тұтынушылардың электр энергиясын есептеу құралдары энергиямен қамтушы мекеме өкілдерінің еркін қолжеткізімді орындарда орналасуы керек. Пломбалау құрылғысы (пломба, пломбалау тросы) - бұл рұқсат етілмеген қол жеткізімді бақылау жасауға мүмкіндік беретін құлыпталатын механизмі бар бір реттік пайдаланылатын құрылғы. Электр энергиясының ток қабылдағышы -электр энергиясын қабылдауға және пайдалануға арналған құрал немсе құрылғы. Электр энергиясын коммерциялық есептеу схемасын тексеру есептеу құралдарының жай-күйі мен қосылу схемасын тексеру мақсатында энергиямен қамтмасыз етуші мекеме өкілдерінің тұтынушының қатысуымен жүзеге асыратын іс-шаралары. ЖЕҚ тексеру - энергиямен қамтушы және (немесе) энергияны жеткізуші мекеме өкілдерінің тұтынушының есептеу құралдарын тексеру мақсатында, сондай-ақ тұтынушының энергиямен қамту келісім-шартының талаптарын орындауын анықтау үшін жасалады және бекітілген тәртіпте сәйкесінше актпен рәсімделеді. Акт энергиямен қамтушы және энергияны жеткізуші мекеменің өкілдерінің және тексеру өткізілген тұтынушының, не оның өкілінің қолы қойылған жағдайда заңды болады. Акт тұтынушы қол қоюдан бас тартқан жағдайда да заңды деп саналады, бірақ мұндай жағдайда актіге энергияны жеткізуші мекеме өкілдерінен және (немесе) кондоминиумды басқару органының өкілдерінен тұратын 3 адамнан кем емес құрамдағы комиссия қол қоюы керек. Даулы жағдай шешімін таппаған кезде мәселе сот арқылы шешіледі. Коммерциялық есептеудің ЖЕҚ тексеру - есептеу құралдарының бекітілген техникалық және метрологиялық талаптарға сәйкестігін анықтауға және растау мақсатындағы мемлекеттік метрологиялық қызметтің немесе басқа да заңды тұлғалардың жүзеге асыратын іс-шаралары. Электр энергиясын есептеу аспаптарын таңдау, құрастыру және пайдалануға қойылатын талаптары туралы толығырақ толығырақ мұнда. |